Ақтөбеде «Батыс» ӘКК-нің үндістандық компаниялармен ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ӘКК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Андар Шоқпытов «Батыс» ӘКК-нің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында іске асырып жатқан жобалары туралы әңгімелеп берді, олардың кейбірінде Үндістан компанияларының технологиялары мен құрал-жабдықтары пайдаланылады.
Атап айтқанда, Ақтөбеде дженериктерді (даяр дәрілік құралдарды) өндіру бойынша «SBS-Фармация» ЖШС жобасы іске асырылды. Осы өндірісте «Yashica Pharmaceuticals Pvt.Ltd», «Fleming Laboratories» және «Glenmark Pharmaceuticals Ltd» үндістандық компанияларының препараттары іске қосылған, үндістандық өндірістің құрал-жабдықтары құрастырылған және пайдалануға даяр күйінде тұр. Қазіргі уақытта сараптамадан өтіп жатқан өнімдердің сынама партиялары шығарылды.
«Батыс» ӘКК Оралда мия тамырын шығару және оның өнімдерін өңдеу бойынша өндірісті құру жобасына да қатысуда. Зауытты іске қосу 2009 жылғы қыркүйекке жоспарланған, бұл жерде де SSP PVT LTD үндістандық компания құрал-жабдықтарының кешені пайдаланылатын болады.