Ақтөбеде «Бауырластар зираты» қайта қалпына келтірілді

None
None
АҚТӨБЕ. 1 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қалалық әкімдіктің қаражатына «Бауырластар зираты» қайта қалпына келтірілді. Онда соғыс жылдары жараланып, ақтөбелік ауруханаларда көз жұмған 290 кеңес жауынгері жерлерген.

Қазан айында бұзақылар 45 сарбаздың есімдері жазылған 20 гранитті плитаның үшеуін қиратқан болатын. «Тағылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ әзірге кінәлілер табылмады. Зиратты қайта қалпына келтіру жұмыстарына қалалық бюджеттен шамамен 200 мың теңге бөлінді.

Мемориалды қайта қалпына келтіруге 2 апта уақыт кетті. Айта кетейік, бұл мемориал 2010 жылы Жеңістің 65 жылдығына орай қайта жөнделген болатын.

Соңғы жаңалықтар