Ақтөбеде белгісіз біреу қызды кепілге алды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе қаласындағы Мәскеу ауданында белгісіз біреу қызды кепілге алды. Қазір келіссөз жүріп жатыр.

Ақтөбедегі оқыс оқиға
Фото: Видеодан скриншот

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102-ге қоңырау түскен. Онда қызды кепілге алғаны туралы хабарлама болды.

— Жер үйлердің біріне белгісіз адам кіріп кеткен. Ол қызды кепілге алған. Оқиға орнына шұғыл қызметтің бәрі жетті, аумақ қоршауға алынды. Облыстық полиция департаментінің бастығы, қала прокуроры оқиға орнында жүр. Қазір келіссөз жүріп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желі арқылы тараған видеодан жедел жәрдемнің, өрт сөндірушілер мен полицияның бірнеше бригадасын көруге болады. 

Еске салсақ, Атырау облысының 27 жастағы тұрғыны бір бүйрегін 9 млн теңгеге бағалады. Ол 5 млн теңге алып жатқан берінен ұсталып, сот алдында жауап беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар