Ақтөбеде бозбала 19 жастағы жігіттің мойнына екі рет пышақ сұққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 17 жастағы бозбала 19-дағы жігіттің мойын тұсына екі рет пышақ сұққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде бозбала 19 жастағы жігіттің мойнына екі рет пышақ сұққан

«22 қазан күні сағат 17.30 шамасында 17 жастағы жасөспірім «Keruen City» ОСО-ның екінші қабатында 19 жастағы жігіттің мойнына екі рет пышақ сұққан.

Жәбірленуші Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, осы факті бойынша ҚК-нің 24-99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.



Фото: polisia.kz