Ақтөбеде бүтін бір аудан орталығының халқы қайықпен қатынауға мәжбүр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ойыл ауданының орталығында тұрғындар өзеннан қайықпен өтіп жатыр. Қатынас уақыты - 08:00-19:00 аралығы.

Ақтөбеде бүтін бір аудан орталығының халқы қайықпен қатынауға мәжбүр
Фото: Ойыл әкімдігі

Ойыл ауданында өткел кеше бұзылды. Уақытша өткел салынғанымен, ол көпке ұзамай бұзылды.

— Ойыл өзені арқылы өтетін уақытша өткелді бұзуға байланысты көлік қатынасы тоқтатылды. Қазіргі таңда тұрғындарды қайық арқылы өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайық арқылы өткізу таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 19:00-ға дейін жалғасады. Уақытша өткел жанында арнайы техникалар мен жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пункті ұйымдастырылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, кеше уақытша өткелді су шайып кетті.

Облыстық ТЖД аудан орталығына қосымша қызметкерлер мен техника жіберді. 

Өткел нығайтылғанымен, бірер сағаттан соң бұзылды.

Бұл ауданға апарар көпір былтыр жарамсыз күйге түсіп, жөндеу жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар