Ақтөбеде денсаулық марафоны өтуде

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде отбасын жоспарлау орталығында «Денсаулыққа жеті қадам» денсаулық марафонының бірінші кезеңі өтті.

Ақтөбеде денсаулық марафоны өтуде

Аталмыш акцияның ел бойынша жүргізіліп жатқанына бір айдай уақыт өтті. Шараның басты мақсаты - қазақстандықтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы Денсаулық мектептеріне баруға, әлеуметтік маңызы бар ауруларды ертерек анықтау үшін скринингтік тексеруден өтуге, салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Ақтөбедегі отбасын жоспарлау орталығында отбасын жоспарлау мектебі, бала тууға дайындық мектебі, 21 әйелге арналған жас ана мектебі ұйымдастырылды. Жүкті әйелдер бала тууға дайындық мәселесі бойынша семинарға қатысты. Атап айтар болсақ, отбасын жоспарлау мәселесі бойынша алуан түрлі сұрақтарға психолгтар, акушер-гинекологтар, валеологтар жауап берді. Қатысушыларға бейнематериалдар көрсетіліп, буклеттер таратылды.

«Союз-5» зымыраны неге ұшпай қалды: күтпеген себеп аталды
Ұқсас жаңалықтар

«Союз-5/Сұңқар» зымыраны неге кешігіп ұшты: күтпеген себеп аталды