Ақтөбеде eGov.kz порталының 7 миллионыншы пайдаланушысы тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы қазақ орта мектебінің 16 жастағы оқушысы Нұрқанат Байсұлтанов электронды үкіметтің 7 миллионыншы пайдаланушысы болып тіркелді. 
None
None

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері Нұрқанатты компания үшін маңызды сәтпен құттықтады, деп жазады Хабар 24 .

Нұрқанаттың айтуынша, ол ең алғашқы жеке куәлігін алған кезде электронды цифрлық қолтаңбаны алып, eGov.kz порталында тіркелген. Болашақта Нұрқанат электронды үкімет порталын жиі пайдаланып, мемлекеттік қызметтер мен түрлі анықтамаларды онлайн түрде алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта eGov.kz және е-лицензиялау порталдарының көмегімен азаматтарға 452 электрондық қызмет, сервистер пен төлемдер қолжетімді. Портал іске қосылған сәттен бері отандастарымызға 192,3 млн рет электронды қызметтер көрсетілген. 2017 жылы елімізде мемлекеттік қызметтерді  интернет желісі арқылы алуға азаматтармен 29 014 586 рет өтініш берілген.

Соңғы жаңалықтар