Ақтөбеде картоп бағасы бірден 100 теңгеге қымбаттап кетті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбеде картоп бағасы 350-406 теңгеге сатылып жатыр. Бірер күн бұрын ғана 260-295 теңге болған. 

Ақтөбеде картоп бағасы бірден 100 теңгеге қымбаттап кетті
Фото: Алтынай Сағындықова

Ақтөбе қаласының базарларында, жеткізу қызметінде картоптың келісі 350 теңгеге сатылып жатыр. Ал супермаркетте көкөністің бұл түрі келісіне 406 теңге тұрады. 

— Бүгін ғана картоп бағасын тасымалдаушылар 300 теңге деп бағалады. Базарға келісі 320 теңгеге жеткізілген. Ресей тасымалдауға шектеу қойып, жергілікті тауар өндірушілер бағаны өсірген, - деді азық-түлік жеткізуші кәсіпкер.

Еске салсақ, Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының шекті мәнін бекіту қаулысы жария талқылауға шықты. Онда картоптың келісі 285, қанттың келісі 510 теңге деп көрсетілген. 

Соңғы жаңалықтар