Ақтөбеде қазақтан шыққан алғашқы әйел дәрігердің атына көше берілді (ФОТО)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде алғашқы қазақ дәрігері Аққағаз Досжанованың құрметіне көше аты берілді. Ол қала орталығында - М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің маңында орналасқан.
Бүгін медицина қызметкері күніне орай тапсырылған медициналық үй ауласында А. Досжановаға мүсін орнатылды. Әкімдік Аққағаз Досжанова атындағы дәрігерлік сыйлық тағайындады.
Аққағаз Досжанова Ақтөбе облысының тумасы, ол 1892 жылы Мәртөк ауданы аумағындағы Борта кентінде туылған. Татар мектебін және Орынборда әйелдер гимназиясын бітірген. Сосын Мәскеу университетінің медициналық факультетіне түсті. Азаматтық соғыс жылдары жараланғандарды емдеді.
Күйеуі Әлімгерей Ершин оны былай есіне алды: «Аққағаз педиатр дәрігер ретінде де, педагог ретінде де өз ісінің шебері болды. Орыс, қазақ, татар тілдерін жетік білді».
Ол дәрігер дипломын Ташкентте Орта Азиялық университетті аяқтаған соң алды.
1922 жылы А. Досжанова алғашқы қазақ дәрігер атанды.
Оның университетті аяқтауы мемлекеттік деңгейде атап өтілді. Сол жылы Түркістан мемлекеттік университетінде А. Досжанова атындағы стипендия тағайындалды.
Әріптесі Гүлсім Асфендияровпен бірге қазақ әйелдері үшін алғашқы медбике курсын ашты. 39 жасында ол туберкулезден көз жұмды.