Ақтөбеде керамикалық кірпіш шығаратын зауыт ашылады

АҚТӨБЕ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Алдағы наурыз айының соңында Ақтөбеде «Ситал-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің керамикалық кірпіш шығаратын зауыты іске қосылады.
None
None
Аймаққа сапары барысында еңбек министрі Бердібек Сапарбаев кеше, ақпанның 19-ы күні осы нысанға ат басын тіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жылдық қуаты 30 миллион кірпішті, ал құны 1,88 миллиард теңгені құрайтын зауыт тек экологиялық таза құрылыс кірпішін ғана емес, 22 аталым бойынша түрлі қаптама материалдарын шығаратын болады. Облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың айтуынша, «люкс» маркалы мұндай қаптама материалдар бұған дейін Ақтөбе облысында өндірілмеген. Аймақ басшысы өз сөзінде, жаңа зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие болатындығына және зауыттың өзін-өзі 5-7 жылдың ішінде ақтап шығатынына сенім білдірді. Керамикалық кірпіштер үшін жергілікті шикізат - Жоғарғы Сазды кенішінің сазы пайдаланылады. Карьер мен зауыттағы жұмыстарға барлығы 300-ге жуық жұмысшы тартылады.
Соңғы жаңалықтар