Ақтөбеде кезекті «синтетика» жеткізу арнасы анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Завоводская көшесінде 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Accent автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде кезекті «синтетика» жеткізу арнасы анықталды

ІІМ мәліметінше, кКөлікте жолаушы болған.

«Оның жалдамалы пәтерін тінту барысында 1,5 кг астам «синтетика«тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп жазды ведомстводан.

Күдіктілер ҚПК-тің 128-бабының талаптарына сәйкес, қамауға алынды. ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігі бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге, 297-бабының 1-бөлігімен мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.