Ақтөбеде көлікте ұйықтап қалған полицейлер жұмыстан шығарылды - ВИДЕО

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде түнгі кезекшіліктен кейін көлікте ұйықтап қалған жол-патруль полициясының екі қызметкері қызметінен босатылды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен. Ұйықтап жатқан полицейлерді видеоға түсіріп, кейін оны автор әлеуметтік желіге орналастырған.

Ақтөбеде көлікте ұйықтап қалған полицейлер жұмыстан шығарылды - ВИДЕО

Тәртіп сақшыларын видеоға қызмет формасымен, галстуксыз, аяқ кимдерін шешкен қалпы қызметтік көліктің артқы орындықтарында есікті айқара ашып ұйықтап жатқан кезде түсірген. Видеоға түсірген белгісіз автордың оларды ояту әрекеті нәтижесіз болды.

ІІД басшылығы бірден бұл полицейлердің кім екенін анықтауға кірісті. Тексеріс нәтижесінде ұйықтап жатқандардың кім екені анықталды. Олар бұл әрекеттерін 4 қыркүйекте түнгі сағат 00.00 бастап таңғы сағат 08.00 дейін қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарғандығымен байланыстырып, түсіндірді. Сағат 08.30 шамасында автожуу орталығының ашылуын күтіп отырып, көліктің артқы орындықтарында ұйықтап қалып, күндізгі 11-лер шамасында оянған.

«ҚР ІІБ қызметкерлерінің ар-намыс кодексі» талаптарын бұзғаны үшін полицейдің екеуі де қызметінен босатылды. Жұмыстан кеткендердің командирлері де жазаланды.