Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үй өртенді. 

Ақтөбе
Фото: ҚР ТЖМ

Будақтаған қара түтін Есет батыр тұрғын алабындағы 9 қабатты үйдің жетінші қабатынан шыққаны анықталды. 

– Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ маршы арқылы 15 адамды эвакуациялады. Оның 4-еуі бала. Зардап шеккендер жоқ. Қазір балконнан шыққан өрттің тұтану себебі анықталып жатыр. Тілсіз жау 19 минут ішінде сөндірілді, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін түнде Мәртөк ауданы Достық ауылында жер үй жанып кетті. Онда ерлі-зайыпты зейнеткердің денесі табылды. Мұндағы өрттің ауданы 90 шаршы метр болды.