Ақтөбеде қою түтінге байланысты көпқабатты тұрғын үйден 45 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе газ құрылғысында қараусыз қалдырылған тамақтың салдарынан 45 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбедегі өрт
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ақтөбе қаласының Алматы ауданында болған. Тоғыз қабатты тұрғын үйде тамақтың бақылаусыз қалуынан бірінші қабаттағы пәтерде түтін пайда болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 45 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Түтін сейілді, зардап шеккендер жоқ.

«ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Ақмола облысында астық сақтайтын қойма өртенгені туралы хабарлаған едік.