Ақтөбеде құтқарушылар 53 адамды эвакуациялады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы республикалық маңызы бар автожолдың 950-шақырымында 53 жолаушы далада қалды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбеде құтқарушылар 53 адамды эвакуациялады
Фото: Видеодан скрин

Жол қозғалысының шектелуіне байланысты Белқопа ауылы бағытына жаяу аттанған 15 адам және «Шымкент–Мәскеу» бағытында жүріп келе жатқан автобустың 38 жолаушысы эвакуацияланып, жақын елді мекендегі жылыту пунктеріне жеткізілді. Оның 11-і Өзбекстан азаматы. Эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

— ТЖМ алыс жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, төтенше қызметтердің ұсынымдарын сақтау қажеттігін еске салады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 желтоқсанда республикадағы қай жолдарда шектеу бар екенін жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар