20:50, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
Ақтөбеде «Мегалайн» қызметінің 15 мыңыншы абоненті қосылды
АҚТӨБЕ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Қазақтелеком» АҚ филиалы, Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясы «Мегалайн» сауда маркасындағы ғаламторға қосылудың кең жолақты қызметінің 15 мыңыншы абонентін қосты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ғаламторға қосылудың кең жолақты қызметі енгізіле бастаған 3 жыл ішінде бұл ақтөбеліктер арасында танымал болды.«Қазақтелеком» өкілдері абоненттің серпінді өсуіне бірқатар факторлардың себеп болып отырғанына сенімді. Олар, телекоммуникация торабын дамыту және жаңарту, ғаламтор қызметін көрсететін компаниялардағы тарифтердің төмендетілуі, ғаламтор жылдамдығының артуы, қызметті жедел дамыту, сондай-ақ дилерлік жүйені дамыту жол ашып отыр деп есептейді. 2008 жылғы наурыздан бастап, барлық мегалайнер компаниялардың ішкі ресурсына қолжетімдік 2 есеге дейін артты. Ғаламторға кең жолақпен кірудің жаппай нарығын қалыптастыру және «Қазақтелеком» АҚ-ны ғаламторландыру деңгейін арттыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып жатыр.