Ақтөбеде мектеп асханаларында дұрыс тамақтану режимі енгізіліп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп асханаларында дұрыс тамақтану режимі енгізіліп жатыр. Жоба жаңа оқу жылынан басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде мектеп асханаларында дұрыс тамақтану режимі енгізіліп жатыр

«Атамекен» жобасы мектепте оқушыларды дұрыс тамақтандыру мақсатын көздейді. Біз Орынбордағы «Подросток» мектептегі тамақтану комбинатының тәжірибесін пайдаланамыз. Жаңа оқу жылынан бастап Ақтөбенің бес мектебінде оқушылар сапалы тамақпен қамтылады. Оларға бірінші, екінші тамақ және пісірілген нан өнімдері беріледі. Төлем қолма-қол ақшасыз, ата-аналар толтырып отыратын карталар арқылы іске асырылады. Демек, бала ақшасын денсаулығына зиянды тамақтарға жұмсай алмайды әрі ұрлатып алудан да аулақ болады», - дейді «Атамекен» мейрамхана кешенінің директоры Қалуаша Садықова.

Сонымен қатар Қ. Садықова тамақтың бағасы балалар үшін қолжетімді болатынына сендіріп отыр, бұдан тыс табысы аз отбасылардың балаларына жеңілдіктер де қарастырылған.

Биыл осы шара Ақжар, Қызылжар, Новый, Авиатор кенттеріндегі, ГМЗ ауданындағы бес мектепте пилоттық жоба ретінде қол алынып отыр. Егер жоба сәтті іске асса, ол қаланың басқа мектептерінде де қолданылады.