Ақтөбеде мектеп оқушылары ертең де сабақты қашықтан оқиды

Көкшетауда екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
Фото: Pixabay

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысының барлық білім беру мекемелерінде ертең де сабақ онлайн өтеді.

Ақтөбе облысы Білім басқармасы басшысының хабарлауынша, 8 ақпан күні де мектеп, колледждерде сабақ болмайды. Балалардың бәрі қашықтан білім алады. 

- Балабақшалар жұмыс істейді. Кейбір ата-аналар жұмыста, сондықтан олардың балаларды қалдырып кететін орны болмауы мүмкін. Дегенмен балабақшаға келмеген балалардан анықтама талап етпейді,- деді Ақтөбе облысы Білім басқармасы басшысы Жайық Сұлтан. 

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері ертен ауа райының қолайсыздығына байланысты онлайн оқиды.

Ақтөбе облысы бойынша барлық бағыттағы жол жабық. Қазір полиция күшейтілген жұмысқа көшті.

Ақтөбе облысы әкімінің хабарлауынша, 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды. 

Соңғы жаңалықтар