Ақтөбеде мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Облыстағы барлық мектеп оқушысы онлайн оқуды жалғастырады. Олар бүгінде де қашықтан білім алды.
— Облыстағы барлық білім беру ұйымының 1-11 сынып оқушылары ертең де қашықтан оқыту форманы ауыстырылды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы 1-2-курс білім алушылары да қашықтан оқиды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы.
Синоптиктердің хабарлауынша, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 14-19 градус аяз болады. Ақтөбе қаласында күн райы көшпелі бұлтты болады. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 14-16 градус аяз болуы ықтимал.
Еске салсақ, ақтөбелік оқушылар бүгінде қашықтан оқыды.