Ақтөбеде мектептерге ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салынды

АҚТӨБЕ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ -Ақтөбе облыстық білім басқармасының жаңа басшылығы мектептерде ата-аналардан ақша жинау тәжірибесін түп-тамырымен жою туралы шешім қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе мектептерінде ата-аналардан алым алудың көптеген фактілері анықталғаннан кейін, білім басқармасы «Білім беру ұйымдарында ақша қаражаттарын заңсыз жинауды тоқтату туралы» бұйрық шығарды. «Ата-аналардың жарналарынсыз мектептердің жағдайы қиын болған кезең болды, бірақ жыл сайын білім жүйесін қаржыландыру көлемі артып келеді. Тек қана 2009 жылы 145 білім ошағын күрделі жөндеуден өткізуге республикалық және жергілікті бюджеттерден 2 миллиард 400 мың теңге бөлініп отыр», - дейді облыстық білім басқармасының бастығы Аманғали Құдайбергенов. Осыған қарамастан, оқу жылының басынан бері мектептерде тест сынақтарына, фотосуретке түсуге, мәдени іс-шараларға, материалдық-техникалық базаларды нығайтуға, жиһаз алуға, басқа да шаруашылық мұқтаждықтарға деп мектептерде 10 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша жиналған. «Біз осы бір масқараны тоқтату туралы шешім қабылдадық және ата-аналардан жиналған қаражаттардың қайда жұмсалып жатқанын, бюджеттен бөлініп отырған қаражаттың неге жетпей жатқанын зерделеп шықтық. Менің жеке пікірім бойынша, негізінен ата-аналардан ақша бекерге жиналады», - дейді басқарма бастығы өз бұйрығына берген түсіндірмесінде.
Соңғы жаңалықтар