Ақтөбеде неке сарайында көз жұмған әйелдің балалары сәбилер үйіне орналастырылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе қаласындағы неке сарайында пышақ жарақатынан көз жұмған әйелдің екі баласы «Үміт» мамандандырылған сәбилер үйіне орналастырылды.

Алматыдағы балалар үйінде болған өрттен кейін тәрбиеленушілер қайда орналастырылды
Фото: Алматы әкімдігі

Қайғылы оқиға 3 қараша күні түсте болған еді. 26 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

— Аталған жағдай балалар құқығын қорғау жөніндегі басқарманың және құзырлы органдардың бақылауында. Балаларға қатысты қабылданатын алдағы шешімдер заңмен белгіленген тәртіпте және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып қабылданатын болады, — деді Ақтөбе облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев.

Күдікті ретінде марқұмның азаматтық некедегі күйеуі ұсталды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, екеуінің арасында ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне қатысты жанжал туындаған.

Бұған дейін Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Снежанна Имашева қылмыс салдарынан зардап шеккен жәбірленушілерге төленетін өтемақыны қайта қарау мәселесін көтергенін жазған едік.