16:36, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақтөбеде облыс мәслихаттары депутаттарының форумы өтті
АҚТӨБЕ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін облыстық әкімдіктің конференц-залында Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының форумы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл шараға барлық деңгейдегі мәсхихаттардың депутаттары, жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар өкілдері, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громов, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Иран Әміров пен Серікжан Мұқашев, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Алмат Мұрзин қатысты. Форумда облыс әкімі Елеусін Сағындықов Ақтөбе облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылғы қорытындылары және 2009 жылдағы міндеттері туралы депуаттар алдында есеп берді. 2008 жылы қабылданған шаралардың арқасында облыс экономикасында тұрақтылықты қамтамасыз етуге, дамудың жоғары қарқыны сақталуына және халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға қол жеткізілді. «Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громов Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау жөнінде партия кең ауқымды жүргізіп, барлық аймақтарда осындай депутаттар форумдары өтіп жатқанын айтты. Елімізде тұтастай алғанда «Нұр Отан» партиясы сайлауалды тұғырнамасында алға қойған барлық жоспарлар орындалуда ? халықтың табысы өсіп келеді, әлеуметтік саланы қаржыландыру арттырылуда, жаңа әлеуметтік нысандар салынуда, зейнетақылар мен жәрдемақылар көбейтілуде.Сергей Громов Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстарды атап өтті, сондай-ақ ол партияның облыстық филиалына мемлекет саясатын жүргізуді, аймақтық және дағдарысқа қарсы бағдарламалардың орындалуын бақылауды, қоғамдық қабылдаулар жұмысын жандандыруды, девальвацияға байланысты баға мониторингісін жүргізуді және басқа да шараларды атқаруды тапсырды. Ақтөбе облысы бойынша тұтастай алғанда «Нұр Отан» партия ұйымдарында 27 мың адам есепте тұр, облыс депутаттарының 96,3 пайызы ? нұротандықтар.