Ақтөбеде оқушының денесі табылды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде бүгін таңда ауладан оқушының денесі табылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бүгін сағат 7:30 шамасында Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмағанның мәйіті табылды.
— Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық ветеринария басқарасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, ит қапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
— Қазіргі кезде тексеру жүріп жатыр. Баланың денесінде қандай да бір із, тістің басқаны белгісі жоқ, - деді Айбек Сембай.
Полиция да иттің қапқанын жоққа шығарды. Киімінде еш із болмаған.
Өткен аптада Қобдада оқушылар уланып қалды. Бір күннен соң балалардың бәрі ауруханадан шықты. Эпидемиологтар тексеруінен соң өз қорытындысын айтты.