Ақтөбеде оқушылардың көлік апатына ұшырауына байланысты тергеу жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Волейболдан жарысқа кетіп бара жатқан оқушылар мінген көліктің апатқа ұшырауына байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев Фейсбуктегі парақшасында.

Ақтөбеде оқушылардың көлік апатына ұшырауына байланысты тергеу жүргізілуде

«Достар, бүгін Ақтөбе облысында орын алған қайғылы жағдайды түсіндіргім келеді. Ең алдымен, қайтыс болған баланың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамын. Жол апатында тағы 8 бала зардап шекті. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Іс - облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауында. Психологтар зардап шеккендер және олардың туыстарымен міндетті түрде жұмыс істейді. Оларға жан-жақты көмек көрсетіледі» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жаттықтырушы мен балалар болған көлік жол апатына ұшырағанын жазған едік.