23:22, 07 Ақпан 2025 | GMT +5
Ақтөбеде ойын клубынан өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға Алматы ауданының № 2 ықшам ауданында болған, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы ауданының № 2 ықшам ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі видео ойын клубында өрт шықты.
— Жедел келген өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, пәтерлерден 50 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда. Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз! , — деп ескертті ведомство.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада техникалық станция өртеніп, ал иесін күйік шалғаны анықталды.