Ақтөбеде полиция қызметіне бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

АҚТӨБЕ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін облыс ІІД жанындағы полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
None
None
Күн тәртібінде екі мәселе ? кәмелетке толмағандармен жұмыс және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«2008 жылы ішкі істер органдарына 4511 бала жеткізілді, кәмелетке толмаған 1048 жасөспірім профилактикалық есепке алынды. Оның ішінде 217 жасөспірім ұдайы спирттік ішімдіктер ішкен, 353-і ? оқудан жалтарған, 210-і үйлерінен қашып кеткен, 3-уі есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан», - деді ІІД кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторі Ұлбике Оспанова. Облыстық мәслихат өкілдеріне осыған байланысты ойын-сауық орындарының қызметін реттеу және сауда нысандарының қызметіне бақылауды күшейтуді облыстық теңгейде қарау ұсынылды. Сондай-ақ кеңеске қатысушылар жастар демалысына елеулі көңіл бөлу қажет деген пікірге келді.Өткен жылы облыс жолдарында 409 жол-көлік апаты тіркелді, онда 100 адам қаза болып, 474 адам жарақаттанды. Жол полициясы басқармасының бастығы Ерлан Алтынбаевтың айтуынша, тұтастай алғанда жолдардағы жарақаттану және адам өлімі көрсеткіштерінің деңгейі төмендеп отырғаны байқалады. Отырыс қорытындысы бойынша полицияның өкілетті өкілдеріне кеңес мүшелері айтқан барлық ескертулерді назарға алу ұсынылды.
Соңғы жаңалықтар