Ақтөбеде психотропты дәрілік заттарды заңсыз сатқандар ұсталды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде тек рецептпен сатылатын дәрігер мен психотропты заттарды заңсыз сатқан екі күдікті ұсталды. Олардан ақша мен дәрі-дәрмек тәркіленді.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі тұрғынды ұстады. Олардан дәрігердің рецепті бойынша ғана сатылатын дәрі-дәрмек тәркіленді.
– Күдіктілер тұрған пәтерді тінту кезінде полицейлер ақша, сондай-ақ рецептпен ғана сатылатын мыңнан астам дәрі-дәрмек және психотропты заттар тәркіленді. Ұсталғандардың айтуынша, олар дәрі-дәрмектерді психотропты заттарды қолданатын адамдарға сатқан. Екі күдікті де есірткіге еліткен күйінде болған. Бұл сараптама кезінде анықталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбеде қару кезеніп, фотоға түскен, кейін оны әлеуметтік желіге жүктеген бір топ жасөспірім анықталды. Полиция оларды есепке алды.