Ақтөбеде Республика күні мерекесі аталып өтті
Бүгін, 25 қазанда елімізде Республика күні аталып өтуде. Ұлттық мерекеге орай, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қаладағы 91 метрлік тутұғыр орналасқан орталық саябақта өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazinform.
Салтанатты шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, құқыққорғау және мемлекеттік органдардың басшылары және қала тұрғындары да жиналды.
Шарада қалалық мәдениет үйі жанындағы үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Әнұран шырқады. Ұлттық ұлан сарбаздары көк байрағымызды көкке көтерді.


