Ақтөбеде республикалық маңызы бар жолдардағы ой-шұңқырлар жөнделді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар жолдардағы шұңқырлар жөнделді. Сонымен бірге жол белгілері жаңартылып, тасжолдағы сызат бітелді.

Астана
Фото: reepik.com

Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар тасжолдарда ағымдағы жөндеу жұмыстары мамыр айында басталды. Бір айда 25 мың шаршы метр жол жабындысы жөнделді.

- Жол жөндеу жұмыстарына 7 бригада жұмылдырылды. Барлығы 20 техника қолданылды. Биыл асфальттің жоғары қабатын қырып тастаумен қатар реаактивті инерция әдісі қолданылды. Ол үшін «ҚазАвтоЖол» АҚ-ы өңірге екі арнайы техника бөлді. Жаңа әдіс жұмысты жеделдетуге көмектесті. Екі-ақ адам жұмыс істей береді. Бір техника шұңқырды тазартып, кейін қиыршық тас пен эмульсия араласқан қоспаны құйып, бітейді, - деді «ҚАЖ сервис» ЖШС АОФ бас инженері Абылай Кадыров. 

Айта кетейік, республикалық тасжолдарға 400-ге жуық жол белгісі орнатылды. Сонымен бірге бұрылыстарда жарық беретін 182 белгі де қойылды. Жолдағы сызаттарға арнайы сұйықтық құйып, асфальт жабындысын сақтау әдісі қолданылды.

Еске салсақ, ақтөбеліктер "Самара-Шымкент" тасжолының "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" бағытындағы жолдың тым нашар болып кеткенін айтып, сынады. Бұл жолды жөндеуге биыл 2 млрд теңге бөлінді. Сонымен бірге биыл осы бағытта 4 жолақты жол салу жұмысы басталды

Соңғы жаңалықтар