20:15, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Ақтөбеде Сазды электр стансысын кеңейту мәселесі жөнінде қоғамдық тыңдау болды
АҚТӨБЕ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбеде «Электрожүйе» ЖШС «Қаланың экологиялық ахуалына байланысты 11-інші шағын ауданның саябақ ауданындағы Сазды электр стансысын кеңейтуге ықпал ету туралы» тақырыбына арналған қоғамдық тыңдау өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Энергожүйе» ЖШС бас инженері Марат Аманғалиевтің айтуынша, аталған стансы Ақтөбе үшін өте маңызды, ол қала халқының екіден үш бөлігін электрмен қамтамасыз етеді. Стансының қуаты 105 МВт, оның қазіргі уақытта шектен тыс жұмыс жасауына байланысты оның қуатын 205 МВт-қа дейін өсіру қажеттілігі сезіліп отыр. Жүзеге асырылуы бірнеше жылдарға есептелген жобаның құны 1 млрд. теңгеге бағаланған.
Сазды электр стансасының қуатын арттыру жөніндегі жоба Ақтөбе облысының электр жүйесін 2015 жылға дейін дамыту жоспарына сәйкес жасалған. Жоба қазіргі уақытта дайын, бірақ оны 9 мың шаршы метрге кеңейту үшін Сазды электр стансысы орналасқан маңайды өсіп тұрған ағаштардан тазарту қажет.