Ақтөбеде шегірткенің жаппай көбеюі тіркелді

шегіртке
Фото: Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбенің Ойыл ауданы Көптоғай, Ш.Берсиев, Ойыл ауылдық округтерінде италиялық шегірткенің жаппай шығуы тіркелді. Улау жұмыстары 6 ауданда жүріп жатыр. 

Ақтөбе облысы бойынша биыл 784 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделуі керек. Оның басым бөлігінде италиялық шегірткеге қарсы у себіледі. 

– Биыл 3-10 мамыр күндері аралығында Ырғыз, Мұғалжар, Ойыл, Байғанин, Шалқар, Темір, Байғанин, Қобда аудандарында италиялық шегіртке дернәсілдерінің алғашқы ұшуы тіркелді. Ал, 11-12 мамыр күндері Ойыл ауданы Көптоғай, Ш.Берсиев, Ойыл ауылдық округтерінде италиялық шегірткенің жаппай шығуы тіркелді, - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы Арыстанбек Жакибаев. 

Шегірткеге қарсы жерді өңдеу жұмыстарына 105 техника жұмылдырылады. Оның ішінде аэрозолдық генератор, жеңіл авиация да бар. 

– Өңдеу жұмысы 15-19 мамыр күндері аралығында Ойыл, Шалқар, Ырғыз, Темір, Алға, Мұғалжар аудандарында басталды. Барлығы 10 790 гектар жер өңделді. Үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына республика бюджет есебінен қаржы бөлініп, қажетті заттар аудандарға жіберілді, - деді Арыстанбек Жакибаев.

Айта кетейік, шегірткеге қарсы улай жұмысы Ақтөбенің барлық ауданында жүргізіледі. 

Соңғы жаңалықтар
telegram