Ақтөбеде скутер қаққан жаяу жүргінші мерт болды

️АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде скутер жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Ақтөбеде скутер қаққан жаяу жүргінші мерт болды
Фото: Polisia.kz

8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Жиенбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, 30 жастағы скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларын жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.