Ақтөбеде скутердегі зейнеткер бір әйелді қағып кетіп, қашып кеткен

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде скутердегі зейнеткер бір әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Видеодан алынған кадр: t.me/POLICE_of_KZ

ІІМ мәліметінше, 15 маусым күні Сәңкібай батыр даңғылында скутердегі ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан кейін скутердің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

«Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында 73 жастағы зейнеткерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар