Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге 64 млн теңге әлеуметтік төлем берілді

Қаза тапқан 17 кеншінің отбасына әлеуметтік төлем тағайындалды
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбеде су тасқынынан келген материалдық шығындарды есептеу басталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев айтып берді.

«Су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан бүгінгі күні 206 адамға 64 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда», - деді А, Есенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан облыста 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 852 саяжай үйлері зақымданған.

«Су тасқынынан келген материалдық шығындарды есептеу мақсатында әр ауданның жеке комиссиясы құрылып, 2652 өтініш қабылданып, бағалау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, зардап шеккен барлық тұрғынның шығындары өтеледі», - деді спикер.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт құрылып, барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Оның 215 тоннасы мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 524 волонтер ат салысуда.

Айта кетейік, Ақтөбенің су қоймаларында су деңгейі түсіп келеді. Өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты деңгейде.

Соңғы жаңалықтар