Ақтөбеде суға толы арықта батып бара жатқан қызды бірнеше ер адам құтқарды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде «Батыс-2» шағын ауданында еріген қар суына толы арықта қыз батып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Арбат» тұрғын үй кешенінің маңындағы «Батыс-2» шағын ауданында кәмелетке толмаған қыз су толы арықтардың біріне құлап кеткен. Сол маңайдан өтіп бара жатқан бірнеше ер адам баланы құтқарып қалған. Видеода қолын судан шығарып жатқан қызға жол-жөнекей өтіп бара жатқан әйелдің қалай көмек сұрағаны көрінеді. Суға құлап кеткен қыз құбырға кіріп кетуге шақ қалған. Жедел жеткен ер адамдар оған дер кезінде көмекке келіп, оны әрең шығарып алған, шамасы қыз құбырға ілініп қалған көрінеді.

Жергілікті No63 мектептің ұстаздары бүгін кешкісін оқушыларын мектепке резеңке етікпен, ата-анасының ертіп немесе көлікпен келуін ескертті. Кейбір ата-аналар қазірдің өзінде су тасқынынан балаларын мектепке жалғыз жіберуге қорқады.




Соңғы жаңалықтар