15:53, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақтөбеде тауарлар мен қызметтердің келісімшарт көрмесі ашылды
АҚТӨБЕ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Бүгін «Алатау» сауда-ойын-сауық кешенінде облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының тауарлардың, қызметтердің екі күндік келісімшарт жасасу көрмесі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Іс-шара қалалық кәсіпкерлік бөлімінің және Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен өтуде.Көрменің негізгі мақсаты ? кәсіпкерлерге өнімдерін сатуда көмек және қолдау көрсету, 2009 жылға арналған жоспарларды анықтау. Оған қатысу үшін 50-ден астам кәсіпорындар шақырылды. Олар өз өнімдерін мәшине жасау, тау-кен өндіру, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия ресурстарын үнемдеу, құрылыс индустриясы, арнайы техника, жеңіл, тамақ, жиһаз жасау өнеркәсібі, халық тұтынатын тауарлар, қызмет көрсетулер сияқты бөлімдер бойынша ұсынды. Қатысушылардың ішінде облыстағы жетекші кәсіпорын «Батыс» ӘКК, Павлодардан, Орынбордан, Орскіден және Ульяновскіден келген кәсіпорындар бар.Келісімшарт жасау көрмесінің барысында таныстырылымдар, іскерлік кездесулер, көкейкесті тақырыптар бойынша «дөңгелек үстелдер» өткізіледі.