Ақтөбеде телевидение, радио және газет музейі ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ғимаратында арна қызметкерлерінің бастамасымен телевидение, радио және газет музейі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None



Музей Ақтөбе облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының бәріне ортақ. Музей экспонаттары ретінде «Ақтөбе», «Ақтөбе хабаршысы» облыстық газеттерінің құнды нұсқалары, «Эврика», «Керек инфо», «Ақтөбе Таймс» газеттерінің алғашқы нөмірлері қойылды, «Диапазон» газетінің қызметкерлері естелік кітап және алғашқы фотоаппараттарды әкелсе, «Тандем» радиосы алғашқы радиобасқару пультін ұсынды. «РИКА ТВ» телеарнасы өзінің лейблы мен мерейтойлық белгілерін қойды.



57 жылдығын тойлаған «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы басқаларға қарағанда көбірек экспонаттар шығарды. Олардың арасында кеңестік кезеңнің видеокамералары, дыбыс жазу, кинолента қондырғылары бар. Музейдегі ерекше экспонаттардың бірі ретінде 1960 жылы шығарылған «Кинор» видеокамерасын айтуға болады. 30 жылдық тарихында камера 25 мыңнан астам сюжет түсірген. Өз заманында ол алдыңғы қатарлы камералардың бірі деп мойындалатын. Оның объективі Ленинградтағы ғарыш телескоптарын құрастырумен айналысатын «Ломо» бірлестігінде жасалған.

Бұл айтылғандардан тыс, музейдің өз кітапханасы да бар, ол жергілікті журналистердің кітаптарымен толтырылды.

Соңғы жаңалықтар