Ақтөбеде Төлеутай Рақымбековтің бағдарламасы талқыланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Президентікке үміткер Төлеутай Рақымбеков көтерген мәселелер Ақтөбеде кеңінен талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтемемен.

Ақтөбеде Төлеутай Рақымбековтің бағдарламасы талқыланды

Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековтің өзі еліміздің басқа аймақтарындағы кездесулерін жалғастырып жатыр. Жуырда ғана Орал маңындағы шаруа қожалықтарын аралап, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Енді Батыстағы басқа өңірлерге де ат басын бұрады деген ақпарат бар.

Айта кетейік, ҚР Президенті сайлауы 9 маусы күні өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.