19:36, 27 Мамыр 2010 | GMT +5
Ақтөбеде вибросығымдалған өнімдер шығаратын зауыт іске қосылды
АҚТӨБЕ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбеде «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллиннің қатысуымен «Спецтрансстройкомпани» ЖШС вибросығымдалған өнімдерді шығаратын зауыт іске қосылды. Кәсіпорын жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып отырған Ақтөбе облысындағы инвестициялық жобалардың қатарына кіреді.
Вибросығымдалған өнім өндіретін зауыт жаяусоқпақтарға арналған тақтайшалар, жиекжол және қабырғаға арналған блок шығаруға мамандануда. НЕSS фирмасынан шыққан неміс құрылғыларын толықтай қолданып, автоматтандыру арқасында өнім шығару үшін қол еңбегінің үлесі мүлдем азайды.
Бұл инвестииялық жобаның құны 600 миллион теңгені құрайды, жобаның қуаты - бір ауысымда 3 100 шаршы метр өнім шығару.
Кәсіпорын директоры Сергей Ширяевтың айтуынша, зауыт өнімі жол құрылысын дамытуға бағытталған.