Ақтөбеде XI «Еуропа - Азия. Шектеусіз әріптестік» Қазақ-ресей көрмесі ашылды

АҚТӨБЕ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін «Қоныс» спорт сарайында XI «Еуропа - Азия. Шектеусіз әріптестік» Қазақ-ресей көрмесі ашылды.
None
None

Бұл көрмеге көлік құрастыру, сатып алу, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия мен ресурстарды үнемдеу, индустрия құрылысы, арнайы техника, жабдықтар және басқа да осы секілді экономиканың бағыттары бойынша жұмыс істейтін Ресей мен Қазақстанның 150 кәсіпорны қатысуда. Польшалық және ақтөбелік кәсіпорындар арасында бизнес-байланыстарды орнату үшін өңірге келген Польшаның елшілігінің өкілдері көрмеге алғаш қатысып тұр.

Көрмені салтанатты ашу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг қатысты.

«Бұл көрме кәсіпкерлер арасында байланыс пен қарым-қатынастар орнатуда игі бастама», - деді Архимед Мұхамбетов.

Әкім атап өткендей, Ақтөбе және Орынбор өңірлері арасында достық қарым-қатынас орнағандығын тілге тиек етті.

Көрме 28 маусымға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар