Ақтөбеде зағиптар қоғамы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысында Жеңістің 80 және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Снайпер» қойылымы сахналанды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әлия Молдағұлова
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

«Снайпер» қойылымы — қалалық қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің алғашқы бірлескен жұмысы.

Ақтөбеде зағиптар қоғамымен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

— Біз осы қойылым арқылы батыр қыздың ерлігін, қайсарлығын және адамгершілік қасиеттерін жастарға өнеге етіп, оның жарқын бейнесін еске алуды жөн көрдік.
Қойылымның форматы ерекше болды. Көріністе соғыс сахналары мюзикл нұсқада қойылды. Бұл тәжірибе — біздің алғашқы бастамамыз. Ең басты мақсат — мүмкіндігі шектеулі жандардың бойындағы өнерді шыңдау, қолдау көрсету. Қойылымға 6 өнерпаз қатысты. Олар өздерінің алғашқы дебюттерін сәтті орындады. Алдағы уақытта тағы да осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарда бар, — деді әдіскер Ерболат Есенбекұлы.

Әлия Молдағұлова
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қойылым өнерсүйер қауымға ерекше әсер қалдырды. Әлия рөлін сомдаған Жарқын Бақберген көрермен жүрегін жаулап, олардың ыстық ықыласына бөленді. Кейбірі көзіне жас алып, өнерпаздарға алғыс білдірді.

көрермен
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Осыған дейін Топай асық жинаған ақтөбелік коллекционер Гиннесс рекордтар кітабына енгісі келетіні белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар