Ақтөбеде заңсыз пәтер таратқан шенеунік 6 жылға сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбеде мемлекеттік тұрғын үйді заңсыз бөлуге бағытталған сыбайлас жемқорлық схемасының жолы кесілді. Прокуратура дерегінше, кезекте тұрмаған азаматтарға пәтер беру фактілері анықталып, кінәлі тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы прокуратура жазды.

Ақтөбеде заңсыз пәтер таратқан шенеунік 7 жылға сотталды
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

— Ақтөбе облысы прокуратурасымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді заңсыз беру схемасына жол берілмеді. Анықталғаны, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кезекте тұрмаған тұлғаларға пәтер бөлуді ұйымдастырған, — деп хабарлады құзырлы органнан.

Тізімге заңсыз 15 азаматтар енгізілген. Схема бойынша бастапқыда тұруға жарамсыз тұрғын үйлерді беріп, кейін оларды жайлы пәтерлерге ауыстырып, тұрғын үй комиссиясымен заңсыз шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылған.

Пәтерлер жекешелендірілген және сатылған, бұл пайдакүнемдік ниетін растайды. Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде, Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен кінәлі тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасады.

Бұған дейін «пәтер алып беремін» деген желеумен оралдықтарды 7,5 млн теңгеге алдаған алаяқ сотталған болатын.

Соңғы жаңалықтар