Ақтөбеде заңсыз жұмыс істеген дүңгіршектер алынып жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласында түрлі жеміс-жидек, кондитерлік өнімдер мен фаст-фуд дайындайтын дүңгіршектер алынды.

Ақтөбеде заңсыз жұмыс істеген дүңгіршектер алынып жатыр
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе қаласы көшілеріндегі дүңгіршектердің құжаттары тексеріліп жатыр. Олардың арасында жалға алу мерзімі аяқталған, соған қарамастан түрлі тауар сатып отырған сауда орындары бар.

- Адамдар дүңгіршекті өздері қойып алған. Оларда құжат жоқ. Ал тағы бірінің жалға алу мерзімі аяқталған. Талап бойынша Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөліміне келіп, қолдану мерзімін создыру үшін өтініш жазуы тиіс. Дүңгіршектерді айыппұл орнына апарылады. Ал иелері «көшеге қоймаймыз» деп кепілхат жазуы тиіс. Сол кезде дүңгіршектер иелеріне беріледі, - деді Урбанистика орталығы басшысының орынбасары Шынболат Орынтай.

Былтыр 160-қа жуық дүңгіршек алынды. Жыл басынан бері 10-нан астам сауда нүктесі арнайы жүк көлігімен айыппұл алаңына жеткізілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтауда аялдамада салынып жатқан құрылыс заңсыз болып шықты. 

Соңғы жаңалықтар