Ақтөбеде зардап шеккендердің бірі санавиациямен Астанаға жіберіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде лаңкестіктен зардап шеккендердің бірі республикалық санитарлық авиация желісі бойынша Ұлттық нейрохирургия орталығына (Астана қаласы) жеткізіледі. Науқас 5 маусымда ауруханаға жатқызылған, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.
«Бүгін 2016 жылғы 5 маусымда ауруханаға жатқызылғандардың бірі республикалық санитарлық авиация желісі бойынша Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізіледі», - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, экстремистердің шабуылдауына байланысты оқыс оқиға салдарынан ауруханаға жатқызылған 23 зардап шеккендердің бесеуі үйіне шығарылды. Ауруханада 16 адам ем қабылдауды жалғастыруда.