00:20, 04 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Ақтөбеде жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт болды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде 48 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға бүгін сағат шамамен 20:00-де Ақтөбе қаласы Ақжар-2 тұрғын алабында болды.
— «ВАЗ 2110» автокөлігінің жүргізушісі жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды, — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, 1 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында 3 жасар қызды көлік таптап өтті. Рөлде болған 29 жастағы жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.