Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адам өндіріс орнында көз жұмған

жұмысшы
Фото: Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Биыл 5 айда өндірісте барлығы 31 жазатайым оқиға тіркеліп, 4 адам қаза тапқан.  

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы биыл бірінші тоқсанда 100-ден астам тексеру өткізді. Нәтижесінде 45 жұмыс берушіге ұсыныс беріліп, 10,5 млн теңге айыппұл салынды.

- Бес айда 31 жағдай тіркеліп, төртеуі өліммен аяқталды. Соған байланысты арнайы тексеру жүрізіліп, полицияға 30-дан астам материал жолданды. Мұндай жағдай көбіне тау-кен, мұнай өндіру саласында тіркеледі. Дегенмен былтырғыға қарағанда жазатайым оқиға азайды, - деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Әлімов. 

Айта кетейік, былтыр 80 адам өндірістік жарақат алды. Онда 13 адам көз жұмды. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе қаласында 2 мамыр күні үйінен шығып, қайта оралмаған оқушы қызға іздеу салынғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар