Ақтөбеде жол-көлік апатынан төрт адам ауруханаға түсті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 4 адам ауруханаға түсті.

Ақтөбе облыстық ПД
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық бағытындағы жолда Toyota Camry және Toyota Siena автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан екі жүргізіші және Toyota-Sienna автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

«Зардап шеккен 4 адам Темір аудандық ауруханасына жеткізілді. Екі автокөліктің де жүргізушілері дене жарақатын алған, жамбас сүйектеріне зақым келген. Toyota Camry көлігінде болған бір жолаушының аяғы сынған, сол жақ шынтағы шығып кеткен. Ал Toyota Siena-дағы бір жолаушының оң жақ тізесі көгерген. Олардың жағдайы қалыпты. Травматологтің бақылауына алынып, гипс салынды», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, Ақтөбе-Астрахань тасжолында екі көлік соқтығысып, 8 адам жанып кетті. Оның төртеуі оқушы. 

Соңғы жаңалықтар