Ақтөбеде жолаушылар тасымалдайтын басты ұйым өзгеруі мүмкін

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қалалық әкімдіктің мәжілісінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қоғамдық көліктің жұмысын тағы да сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде жолаушылар тасымалдайтын басты ұйым өзгеруі мүмкін

«Қоғамдық көлік мәселесін тарифтерді 90 теңгеге көтеріп, оп-оңай шеше салуға болады. Алайда бұл тағы сол халыққа салмақ түсіреді. Бізде Ақтөбеде ел бойынша ең төменгі тариф. Соңғы 5 жылда автопарк (қоғамдық тасымалдаушы) ештеңе тындырған жоқ. Ақтөбе ПАЗиктер жүретін жалғыз орталық. 2015 жылы келісімге сәйкес, тасымалдаушы автобустарды жөндеуден өткізіп, оларды микрофондармен, GPS-пен жабдықтаймыз деп уәде етті. Алайда мойнына алған міндетті орындаған жоқ. Мен қала әкімінің алдына міндет қойдым. Оны орындамаса қош айтысамыз. Басқа басшы табамыз»,-деді Б.Сапарбаев.

Өңір басшысының сөзінше, енді Ақтөбеде жолаушыларды тасымалдау үшін 3 пайыз лизингпен отандық автобустар сатып алынады.