Ақтөбеде жолда қалған автобустан 63 өзбекстандық эвакуацияланды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Жолаушылар автобусы Қарабұтақ-Костанай тасжолының 144-шақырымында бұзылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.
«12 наурыз күні 112 құтқару қызметіне Әйтеке би ауданы Қарабұтақ-Костанай тасжолының 144-шақырымында автобус бұзылып тұрып қалғандығы туралы ақпарат түсті. Шақырту орнына құтқарушылар мен техника жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 63 Өзбекстан азаматы Әйтеке би ауданы мектебіне орналастырылды», - делінген хабарламада.