Ақтөбеде жолда қалған екі автобустың жолаушылары мешітке орналастырылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде боранды күні Самара-Шымкент тасжолында қалған автобустар ауылға жеткізілді. Автобуста 35 жолаушы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жолда қалған екі автобустың жолаушылары мешітке орналастырылды

Самара-Шымкент тасжолының 968-шақырымында, яғни Әйтеке би ауданында адамдар эвакуацияланды. Жолда қалған адамдарға аудандық құтқарушылар жіберілді. Құтқарушылар екі жолаушылар автобусынан барлығы 35 адамды (оның екеуі – бала) Қарабұтақ ауылдық мешітіне жеткізді. Жолаушыларға тағам таратылды. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: ҚР ТЖМ